Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Топ мүшелерінің айтуынша, музыканы тіліне немесе шыққан өңіріне қарай бөлуге болмайды. Олар шығармашылықтың құндылығы оның қай елде немесе қандай тілде орындалғанына емес, өнердің өзіне қарай бағалануы тиіс екенін атап өтті.
69-шы «Грэмми» марапаты қарсаңында енгізілген жаңа аталым бірден сынға ұшырады. Көптеген жанкүйерлер мен сарапшылар оның азиялық орындаушыларды негізгі номинациялардан бөліп көрсететінін айтып, бастаманы сынға алды.
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Жапония радиосының эфирінде шырқалады
Ал Дыбыс жазу академиясы жаңа аталым әртістердің «Жыл альбомы» немесе «Жыл жазбасы» секілді басты марапаттарға үміткер болуына кедергі келтірмейтінін мәлімдеді. Соған қарамастан, BTS өз шешімін өзгертпейтінін жеткізді.
BTS осы уақытқа дейін «Грэмми» сыйлығына бес рет ұсынылғанымен, әлі бірде-бір мүсіншені иеленген жоқ.