BTS тобы жыл әртістері болып танылды

26.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Оңтүстіккореялық BTS поп-тобы барлық мүшесі әскери борышын өтеп келгеннен кейін әлемдік сахнаға қайта оралды. Ұжым American Music Awards 2026 сыйлығының басты марапаты - "Жыл әртісі" аталымын жеңіп алды, сондай-ақ "Жаз әні" номинациясында да үздік шықты, деп хабарлайды Tengri Life.

Оңтүстіккореялық BTS поп-тобы барлық мүшесі әскери борышын өтеп келгеннен кейін әлемдік сахнаға қайта оралды. Ұжым American Music Awards 2026 сыйлығының басты марапаты - "Жыл әртісі" аталымын жеңіп алды, сондай-ақ "Жаз әні" номинациясында да үздік шықты, деп хабарлайды Tengri Life.

Топ қандай марапаттарға ие болды?

BTS-тің AMA сыйлығындағы жетістіктері туралы Billboard басылымы Instagram-да хабарлады.

"American Music Awards 2026 салтанатында "Swim" трегімен "Жаз әні" номинациясын жеңіп алғаннан кейін, бой-бенд кештің басты марапаты - "Жыл әртісі" атағын да қанжығасына байлады", - делінген жазбада.⁠

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by billboard (@billboard)

БАҚ мәліметінше, музыканттарға марапатты Busta Rhymes табыстаған.

Бұл номинацияда BTS бірнеше ірі әртістерді, атап айтқанда Bad Bunny, Бруно Марс, Джастин Бибер, Кендрик Ламар, Lady Gaga және Сабрина Карпентерді артқа тастады.

Кейінірек ұжым кештің ең басты мүсіншесі - "Жыл әртісі" марапатын алды. Бұл санаттағы жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталған.

BTS-тің реакциясы

Алғашқы болып RM сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әскерден кейінгі бұл марапат үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты.

"ARMY, біз мұны тағы да жасадық. Рахмет. Мен үшін бұл бағалы марапатты алу үлкен мәртебе. Оның үстіне, бәріміз әскери борышымызды өтеп келгеннен кейін алып отырмыз. Аңызға айналған Баста Раймс айтқандай, бұл - жанкүйерлердің дауыс беруімен берілетін марапат, сондықтан бүкіл әлемдегі ARMY-ге шексіз алғыс айтамыз. Соңғы 13 жыл бойы бізбен бірге болдыңыздар - сіздерге көп рахмет", - деді RM.

J-Hope та жанкүйерлерге жылы лебізін білдірді. Ол топтың жаңа альбомына қолдау көрсеткендерге ризашылығын жеткізді.

"Уау! Біз бұл альбомға деген реакцияға таңғалдық! ARIRANG альбомын және ондағы әрбір әнді жылы қабылдап, чарттардың шыңына шығуға көмектескендеріңіз үшін рахмет. Шын жүректен алғыс айтамыз", - деп атап өтті J-Hope.

Чимин әлемдік тур кезіндегі ерекше атмосфера үшін табынушыларына жеке алғысын білдірді.

"Тур кезінде бізбен бірге болып, әр қалада ерекше ықылас пен махаббат танытқандарыңыз үшін рахмет", - деді Чимин.

AMA сыйлығында тағы кімдер жеңімпаз атанды?

AMA мәліметінше, салтанатты кеште 50-ге жуық марапат сарапқа салынды. Басқа жеңімпаздардың қатарында:

"Жылдың жаңа әртісі" - KATSEYE; "Жыл альбомы" - Сабрина Карпентер - Man’s Best Friend; "Жыл әні" - HUNTR/X (feat. EJAE, Audrey Nuna, Rei Ami) - "Golden"; "Жыл коллаборациясы" - PinkPantheress & Zara Larsson - "Stateside"; "Жылдың әлеуметтік әні" - Tyla - "CHANEL"; "Үздік музыкалық бейнебаян" - KATSEYE - "Gnarly"; "Үздік саундтрек" - KPop Demon Hunters; "Жыл туры" - Шакира - Las Mujeres Ya No Lloran World Tour; "R&B жанрындағы үздік орындаушы" - SZA.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by American Music Awards (@amas)

Жеңімпаздардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Сыйлық туралы не белгілі?

American Music Awards сыйлығы жарты ғасырдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және музыка индустриясындағы ең ірі рәсімдердің бірі болып саналады.

AMA-ның Grammy Awards-тан басты айырмашылығы - мұнда жеңімпаздарды сарапшылар емес, тыңдармандар таңдайды. Дауыс беру нәтижесі толығымен жанкүйерлерге байланысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дауыстарды санау процесі жалған көрсеткіштерді болдырмау үшін тәуелсіз тексеру жүйесі арқылы өтеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью