Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездесті.
Бублик қарсыласын екі сетте сенімді түрде ұтып, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.
Енді финалда қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 83-орында тұрған франциялық Кентен Галимен кездеседі.
Айта кетейік, Александр Бублик былтыр дәл осы Кицбюэль турнирінің чемпионы атанған еді. Осылайша, ол екінші жыл қатарынан турнир финалына шығып, чемпиондық атағын қорғауға мүмкіндік алды.
Generali Open турнирінің жалпы жүлде қоры 612 620 еуро болады. Турнир жеңімпазы 93 175 еуро сыйақы мен 250 ATP рейтингілік ұпайына ие болады.