Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 199-орында тұрған франциялық Гаэль Монфиспен кездесті.
Матч 1 сағат 17 минутқа созылып, Бубликтің 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы беделді "Мастерс" санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты.
Бубликтің келесі қарсыласы чехиялық Иржи Легечка (ATP рейтингінде 13-орын) мен чилилік Алехандро Табило (39-орын) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
2026 жылы Монте-Карлодағы турнирдің жүлде қоры – 6 309 095 еуро. Жеңімпаз 974 370 еуро сыйақы алып, ATP рейтингінде 1000 ұпай еншілейді.