Бүгін әлем католиктері Рождество мерекесін тойлайды

25.12.2025

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Әртүрлі конфессиялардың христиандары Рождествоны 25 желтоқсанда немесе 6-7 қаңтар күні тойлайды. Бүгінде бұл 100-ден астам елде ресми мереке болып саналады.

Негізінен христиандар тұратын елдердің көпшілігінде Рождество күні жұмыс істемейді. Дегенмен, Үндістан мен Малайзия сияқты елдерде демалыс берілмегенімен, 25 желтоқсан ресми мереке деп жарияланған.

Бұл күні көптеген елде дүкендер жабылады. Англияда тіпті қоғамдық көліктер де жұмыс істемейді.

Рождествоның маңызды символы — кейбір елдерде Санта-Клаус. Бұл кейіпкердің прототипі IV ғасырда өмір сүрген және өзінің игі ісімен танымал болған Әулие Николай.

Көптеген елдерде Рождествоға дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Үйлерде, қоғамдық орындарда шыршалар безендіріледі. Бұл дәстүр 16 ғасырда Германияда пайда болып, кейіннен бүкіл Еуропаға тарады.

Әр елде Рождестволық дастарханның өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, Сицилияда балықтың 12 түрі дайындалса, Ұлыбританияда және тағы бірнеше елде күркетауық, қаз, сорпа, картоп, көкөністер ұсынылады.

Айта кетейік, Испаниядағы дәстүрлі Рождестволық лотерея El Gordo биыл орман өртінен қатты зардап шеккен елді мекендерге қуаныш сыйлады. 2025 жылғы ұтыс ойынында 79 432 нөмірі жеңімпаз деп танылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью