24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бүгін - Армиялық авиация күні. Кәсіби мереке елімізде 1992 жылы бекітілген.
Дәл осы күні Әскери-әуе күштерінің құрамына Үшаралдағы 01852 әскери бөлімі алғаш енгізіліп, оған «486-шы жеке тікұшақ полкі» атауы берілді. Бүгінде Әскери-әуе күштерінің құрамдас бөлігі ретінде армиялық авиация Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерін авиациялық қолдауға, оқу-жаттығу, жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізеді. Олардың көмегімен әуе барлауы, артиллериялық нысананы анықтау және әуеден миналау, радиоэлектрондық күрес сынды жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ, армиялық авиация экипаждары төтенше жағдайлар кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде, өрттерді сөндіруде құтқарушыларға көмектеседі.