Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елімізде 19 қаңтарда Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері күні аталып өтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
АОК қолбасшылығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы Жарлығымен конституциялық құрылысты және мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау жолында ең күрделі әрі жауапты міндеттерді орындауға қабілетті әмбебап әскери бөлім ретінде құрылды.
Арнайы операциялар күштері құрылған сәттен бастап өз әлеуетін жүйелі түрде нығайтып келеді.
Бөлімшелер жоғары технологиялы қару-жарақпен, заманауи әскери және арнайы техникамен жабдықталып жатыр.
Оқу-материалдық базасы да дамытылып, инфрақұрылым жетілдірілуде.
Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен үйлесімділігін арттыруға ерекше назар аударылады.
Әскери қызметшілер оқу-жаттығу және тактикалық-арнайы жаттығуларға тұрақты түрде қатысып, беделді халықаралық жарыстарда бақ сынауда.