Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
– 20 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда көмір мен құрылыс қалдықтарына қатысты экологиялық бақылау күшейтіледі.