Бүгін Астана мен тағы 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

26.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— 2026 жылғы 26 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана және Қостанай қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, синоптиктер еліміздің біраз өңірінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болатынын ескертті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью