Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
— 30 сәуірде Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, синоптиктер 30 сәуірде ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.