Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Белгілі спортшы Ермахан Ыбрайымов жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, бүгін ол азамат ретінде өз таңдауын жасаған.
– Бүгін референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Әрқашан елімнің намысын қорғап келдім, ал бүгін азамат ретінде өз пікірімді білдірдім, – деді Ермахан Ыбрайымов.
Айта кетейік, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, референдумға 6 471 378 азамат қатысып, халықтың 51,93%-ы дауыс берді.