Бүгін бокстан Азия чемпионатында Ертуған Зейнуллинов шаршы алаңға шығады

02.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Отандасымыз іріктеу кезеңінде тайбэйлік Ю Линь қолғап түйістіреді. Жеңімпаз ширек финалға дейін жолдама алады.

Құрлықтық додаға ерлер құрамасы сапында Ертуғаннан өзге өзге Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) барды.

Қазір олардың арасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі) филиппиндік Поль Басконды жеңіп, ширек финалға дейін жолдама алады.

Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады. Онда еліміздің атынан барлығы 20 боксшы (ерлер — 10, әйелдер -10) аттанды. Қазір олардың арасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Елдос Сайдалин жетекшілігімен құрлықтық додаға елімізден әәйелдер құрамасында Римма, Жазира мен Элинадан өзге Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) ел намысын қорғауға мүмкіндік алды

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью