Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді:
Шығыс Қазақстан облысы
• KAZ-08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194-1212-шақырымы (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы аралығы).
Қозғалыс 2026 жылғы 13 наурыз сағат 08:00-де ашылады деп болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Қостанай – Мамлютка» автожолы, 226-406-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Мамлютка қаласы);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 346-407-шақырым (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Қостанай облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолы, 234-385-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка кенті).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Ауа райы
12 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғады.
– Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - деп ескертті «ҚазАвтоЖол».
Еске салайық, синоптиктер бұған дейін 12 наурызда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.