Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы төмендейді

17.02.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

— 2026 жылғы 17 ақпанда Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткен.

Ертең қалада ауа сапасының бұзылуына байланысты оқушылар тағы да мектепке бармайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью