Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қазақстанның солтүстігінде үсік пен тұман күтіледі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз аптап ыстық сақталады.
Астанада: ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, топырақ бетінде 1 градус үсік, күндіз +13...+15°C.
Алматыда: ауа райы құбылмалы, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.

Дауылды ескерту сақталады: Астана  қ.: 31 тамызда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Түнде 31 тамызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, 31 тамызда-01 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, 31 тамызда-02 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, 01-02 қыркүйекте Павлодар, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.

Түнде 31 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, 01-02 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, 01 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, 02 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында, 01-02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында, 02 қыркүйекте Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласады) күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі: Алматы қ.: 31 тамызда күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.

Шымкент қ.: 31 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында таулы аудандарында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

31 тамызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 тамызда түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 31 тамызда күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18-23 м/с.

31 тамызда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

  31 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

  31 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысында солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

  31 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  31 тамызда Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.  

  31 тамызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

  31 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью