Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
— 2026 жылғы 11 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жүздеген автобус ауа сапасын бұзуға себепші болғанын жаздық.
Ал Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына орай Қытайдың ауа сапасын басқару әдісін қолдану мүмкіндігі зерделеніп жатқанын мәлімдеді.