Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн : Тоқаев референдумда дауыс берді

15.03.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді.

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметі

Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін айтты.

"Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды", - деді Тоқаев.

Президент 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарғанын және еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүргенін еске салды.

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

"Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін", – деді мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сауалға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью