Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жарыстың аталған сатысында барлығы он алты команда сынға түседі. Олардың қатарында «Ноттингем Форест» (Англия), «Болонья» (Италия), «Сельта» (Испания), «Штутгарт» (Германия) командалары бар.
Он алты команда сегіз жұп бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз команда 1/8 финалға жолдама алады.
26 ақпан
«Генк» (Бельгия) - «Динамо Загреб» (Хорватия) (бірінші ойын 1:3)
«Болонья» (Италия) - «Бранн» (Норвегия) (0:1)
«Сельта» (Испания - ПАОК (Грекия) (1:2)
«Ноттингем Форест» (Англия) - «Фенербахче» (Түркия) (3:0)
«Ференцварош (Венгрия) - «Лудогорец» (Болгария) (1:2)
«Штутгарт» (Германия) - «Селтик» (Шотландия) (4:1)
«Црвена Звезда» (Белград) - «Лилль» (Франция) (0:1)
«Виктория Пльзень» (Чехия) - «Панатинаикос» (Грекия)
Алғашқы ойындар 19 ақпанда өткізілді.
Ал негізгі кезеңде алғашқы сегіздікте болған «Олимпик Лион» (Франция), «Астон Вилла» (Англия), «Мидтьюлланн» (Дания), «Реал Бетис» (Испания), «Порту» (Португалия), «Брага» (Португалия), «Фрайбург» (Германия), «Рома» (Италия) командалары 1/8 финалға бірден жолдама алды.
Финал 20 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.