Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Түркістан қаласында Құрылтай сайлауы тарихи маңызымен қатар, жас жұптар үшін өмірлік маңызды ерекше сәтпен есте қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаладағы №103 сайлау учаскесінің алдында қала тұрғыны сүйіктісіне тосыннан ұсыныс жасап, көпшілік алдында сезімін білдірді. Ел үшін маңызды тарихи кезеңді өзінің өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірімен байланыстыруды жөн көрген қала тұрғынының бұл әрекеті ерекше сәтке айналды.
«Бүгін ел үшін де, мен үшін де тарихи күн. Құрылтай сайлауына қатысып, азаматтық таңдауымды жасаумен қатар, өмірімдегі ең маңызды таңдауымды да жасағым келді. Мен сүйіктіммен болашаққа бірге қадам басқым келеді. Сондықтан дәл осы тарихи күні оған үйленуге ұсыныс жасауды шештім. Жауабы мен үшін өте маңызды», – деді қала тұрғыны.
Оның бұл ұсынысы көпшіліктің қошеметіне бөленіп, сайлау учаскесі маңында көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырды. Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен жеке өміріндегі маңызды шешімді бір күнге тоғыстыруы Құрылтайдың есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.