Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 5 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Жекелеген аудандарда тұман болжанады.
Желдің екпіні секундына 25–28 метрге дейін жетеді.
Елдің батысында +40 °C-қа дейінгі қатты ыстық сақталады.
Өңірлердің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер:
Астана қ.: 05 тамызда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 05 тамызда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 05 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
05 тамызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
05 тамызда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 тамызда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда күннің екінші жартысында Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыста 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда күндіз Ақтөбе облысынның батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.