Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі

28.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Синоптиктер 28 наурызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, кең ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек батыс өңірлерде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақыта нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады. Батыс, оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жел күшейіп, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью