Бүгін Ұлттық ұланның құрылған күні

10.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ұландықтар, ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті күзетуге үлес қосады. Мәселен, былтыр жауынгерлер 18 мың тәртіп бұзушыны ұстап, полицияға тапсырды. 

Ондағы 700-ден астам адамның әрекетінде қылмыс белгілері анықталды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. Жауынгерлер қызмет бабында 308 суық және атыс қаруын тәркілеген. Сонымен қатар қарауылдар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қауіпсіздігін де күзетеді. Жыл басынан бері осы мекемелерге тыйым салынған заттарды өткізудің 132 фактісінің жолын кесті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью