Бүгін Ұлттық валюта күні

15.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енген күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Төл теңгеміз елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. 

Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. Сол жылды Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Ал 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8:00-де басталып, 20 қарашада сағат 20:00-де аяқталды. Қазір теңгемізді - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монетаны - Өскеменде шығарады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью