Бүгінгі күнге дауылды ескертулер жарияланды

13.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

"Қазгидромет" мәліметінше, жаңбыр Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде және Алматы облысының таулы аудандарында күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Сондай-ақ Ақмола облысының солтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және Жетісу облысының таулы аудандарында әлсіз жауын-шашын болуы мүмкін.

Желдің екпіні 15–20 м/с Қостанай облысының солтүстігі мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Жетісу және Алматы облыстарының шекарасындағы Қапшағай су қоймасы ауданында, сондай-ақ Атырау облысының жекелеген аудандарында және Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-батысында күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында кей жерлерде Тұман болуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью