Бүгінгі жұлдыз жорамал: кімді сырласу күтіп тұр, ал кімді аяқ астынан келген ақша

06.11.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2026 жылғы 6 қарашаға арналған жұлдыз жорамал: бүгін кімді қандай өзгеріс, жаңалық немесе жаңа таныстық күтіп тұрғанын Tengri Life ұсынған болжамнан оқи аласыз.

Тоқты

21.03 - 20.04

Жұмыстан кейін бірден бір жаққа тартып кету немесе кешкі тоғызда ұйықтаймын деп жоспарлағаныңызға қарамастан, қонақ шақыру туралы ой келе қалуы мүмкін. Қарсыласудың пайдасы жоқ - кеш думанды әрі көңілді өтпек.

Торпақ

21.04 - 21.05

Торпақтар, 6 қараша кешіне арналған ең мінсіз жоспарыңыз - ешқайда шықпау. Ең жұмсақ жамылғыға оранып, дәмді асқа тапсырыс беріңіз де, жұмыс чаттары үшін телефонды өшіріп тастаңыз.

Егіздер

22.05 - 21.06

Егіздер, бүгін сіздерді көптеген хабарлама мен күтпеген қоңырау күтіп тұр. Ауданның бүкіл жаңалығынан, кімнің кіммен ренжіскенінен және жұрттың қайда демалуға бара жатқанынан хабардар боласыз. Ең бастысы - таң атқанша сөйлесіп кетпей, уақытылы ұйықтау.

Шаян

22.06 - 22.07

Шаяндар, бүгін сіздерде күзгі көңіл күй. Тыныштықты, жақсы музыканы, лимон қосылған шайды және бәрі түсінікті әрі жақсы аяқталатын сүйікті сериалыңызды жаныңыз қалайды. Өз-өзіңізбен оңаша болыңыз.

Арыстан

23.07 - 21.08

Арыстандар, жұма жарқырап көріну үшін жаралған! Тіпті дүкенге нанға ғана шықсаңыз да, жұрттың назары міндетті түрде сізге ауады. Кеш жағымды комплименттерге, әлеуметтік желідегі лайктар мен айналаның ықыласына бөлейді.

Бикеш

22.08 – 23.09

Бикештер, бәрі жұманы тойлап жатқанда, сіз кенеттен бүкіл ыдыс-аяқты жуып, заттарды түсіне қарай реттеп, шкафты жинауға кірісесіз. Білесіз бе? Бұдан жаныңыз рақаттанып, көңіліңіз жай табады.

Таразы

24.09 - 23.10

Таразылар, жұмадағы басты драмаңыз - "әдеміленіп серуендеуге шығу" мен "үйде пижамамен қалудың" арасында таңдау жасау. Жұлдыздар алтын ортаны ұсынады: жақын маңдағы кофеханада досыңызбен кездесіңіз.

Сарышаян

24.10 - 22.11

Бұл кештен не қалайтыныңызды нақты білесіз, бірақ ешкімге айтпайсыз. Бұл, сірә, сүйікті тәттіңізді жеп, түнгі үшке дейін детектив көрумен байланысты болса керек.

Мерген

23.11 - 22.12

Мергендер, жұма күні кешкісін бір орында отыру ма? Оны ұмытыңыз! Көңіліңіз шытырман оқиғаларды қалайды: сүйікті кофеңіз үшін қаланың арғы шетіне бару, кенеттен болған кездесуге бас сұғу немесе достармен қызықты айтыс бастау.

Тауешкі

23.12 - 20.01

Тауешкілер, апта бойы робот сияқты жұмыс істедіңіздер, сондықтан жұма күні кешке диванда жатқан "бейғам тіршілік иесіне" айналуға ресми түрде рұқсат. Ешқандай жоспарсыз - тек жатып алып, төбеге қараңыз.

Суқұйғыш

21.01 - 19.02

Суқұйғыштар, жұма күні кешке сіздің зерек басыңызға акулалар туралы үш сағаттық деректі фильм көру немесе маркетплейстен оғаш бір затқа тапсырыс беру идеясы келеді. Өзіңіздің ерекше көңіл күйіңізден ләззат алыңыз!

Балықтар

20.02 – 20.03

Балықтар, кеш бойы қиял құшағында боласыз. Жұма сізді романтикалық күйге бөлейді: тіпті жарық шамдар астындағы жай серуеннің өзі әдемі фильмнің кадрындай көрінеді. Армандаңыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью