Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
2026 жылғы 20 қазанға арналған жұлдыз жорамал: бүгін кімді қандай өзгеріс, жаңалық немесе жаңа таныстық күтіп тұрғанын Tengri Life ұсынған болжамнан оқи аласыз.
Тоқты
21.03 - 20.04
Сейсенбіде Тоқтылар оқиғаларды жеделдеткісі келеді, әсіресе айналасындағылар жауап беруге кешігіп жатса, бұл ниеті күшейе түседі. Алайда қысым көрсету кері әсерін тигізуі мүмкін. Жұмыста нәтижесі тікелей өзіңізге байланысты болатын тапсырмаларға назар аударған жөн.
Торпақ
21.04 - 21.05
Торпақтар белгісіздіктің жағымсыз шындықтан да көбірек қажытатынын сезуі мүмкін. Егер жұмыста шешілмеген сұрақтар қордаланып қалса, шарттарды, мерзімдерді немесе міндеттерді талқылайтын уақыт келді. Қаржылық жағдайды жақсарту мүмкіндігі кездейсоқ сәттіліктің емес, практикалық шешімнің арқасында пайда болуы мүмкін.
Егіздер
22.05 - 21.06
Егіздердің ойына алғашында тым қарапайым немесе тәуекелді көрінетін қызықты шешім келуі мүмкін. Бұрын басқаша әрекет еткеніңізге бола одан бас тартпаңыз. Бұл күн хат алмасуға, келіссөздерге, оқуға және пайдалы байланыстар іздеуге қолайлы. Дегенмен, бірден бірнеше уәде беріп қоймаңыз: кешке қарай бұл шаршау мен ашушаңдыққа әкеп соғуы мүмкін.
Шаян
22.06 - 22.07
Шаяндар үшін жеке сезімдерін өзгенің мәселелерінен ажырата білу маңызды. Кімде-кім сізден қолдау сұрауы мүмкін, бірақ бұл бәрін өз бетіңізше шешуге міндетті екеніңізді білдірмейді. Кәсіби істерде егжей-тегжейлерді тексеріп, шарттарды талқыламайынша қосымша міндеттемелерге келіспеген жөн.
Арыстан
23.07 - 21.08
Арыстандарға көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік тууы мүмкін, бірақ нәтиже өзгелерді тыңдай білуіңізге байланысты болады. Жұмыста ұсыныстарыңызды нақты деректермен дәлелдесеңіз, олар тезірек назарға алынады.
Бикеш
22.08 – 23.09
Бикештер әрбір ұсақ-түйекті ескеремін деп, маңызды істі тағы да кейінге қалдырып алуы мүмкін. Сейсенбіде жоспарды шексіз түзете бергеннен көрі, жұмыс істейтін нұсқаны таңдап, іске кіріскен абзал. Бюджетті, құжаттарды және уағдаластықтарды, әсіресе болашақ шығындар соған байланысты болса, тексеруге қолайлы уақыт.
Таразы
24.09 - 23.10
Таразыларға нақты жауап күтілетін жағдайларда бейтараптықты сақтау қиынға соғуы мүмкін. Егер сіз тек айналаңыздағылардың тыныштығы үшін ғана келісе берсеңіз, іштей шиеленіс жинала береді. Жұмыста мүмкіндіктеріңіз бен мерзімдеріңізді алдын ала белгілеп алыңыз.
Сарышаян
24.10 - 22.11
Сарышаяндарға есеппен әрекет етіп, жоспарларын әркімге бір айта бермеген дұрыс. Жұмыста ақпарат жинап, деректерді тексеріп, маңызды әңгімеге дайындалған пайдалы. Қаржылық жағдайды жақсарту мүмкіндігі уәделерге соқыр сенуді емес, шарттарға мұқият қарауды талап етеді.
Мерген
23.11 - 22.12
Мергендердің есіне сейсенбі күні күнделікті күйбең тірлікпен кейінге ысырылған мақсаты түсуі мүмкін. Оқуға, жаңа жұмыс іздеуге немесе бұрыннан байқап көргісі келген жобаға қайта оралуға себеп табылады. Барлығын бірден өзгерту міндетті емес: қалаған нәтижеге жақындататын кішігірім қадамнан бастаңыз.
Тауешкі
23.12 - 20.01
Тауешкілер пікірі маңызды болатын адам тарапынан қысым сезінуі мүмкін. Өзгелердің күткені үшін жоспарыңызды негізсіз өзгертуге жол бермеңіз. Жұмыста басымдықтарды нақты белгілеп, өзгенің қателігі үшін жауапкершілікті арқаламаңыз. Бұл күн шығындарды ақылмен жоспарлауға және таяудағы мақсаттарды қайта қарауға қолайлы.
Суқұйғыш
21.01 - 19.02
Суқұйғыштарға үйреншікті әдіс нәтиже бермей жатса, одан бас тартқан пайдалы. Күтпеген шешім жұмыста, оқуда немесе тұрмыстық мәселеде сәтті болып шығуы мүмкін, бірақ алдымен оны іс жүзінде тексеріп алыңыз. Тек тәжірибе үшін ірі соманы тәуекелге тігудің қажеті жоқ.
Балықтар
20.02 – 20.03
Балықтар дауыс ырғағына, кідірістерге және айтылмай қалған сөздерге ерекше сезімталдық танытуы мүмкін. Алайда әрбір үнсіздік ренішті, ал әрбір бас тарту түпкілікті шешімді білдірмейді. Жұмыста нақты уағдаластықтарға сүйеніңіз және әріптестеріңіздің орнына өзіңізше болжам жасамаңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу