Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
2026 жылдың 14 мамырына арналған жорамал, барлық зодиак белгілеріне арналған: махаббат, ақша, эмоциялар, жұмыс. Tengri Life ұсынған нақты болжамды оқыңыз.
2026 жылдың 14 мамырына арналған жорамал, барлық зодиак белгілеріне арналған: махаббат, ақша, эмоциялар, жұмыс. Tengri Life ұсынған нақты болжамды оқыңыз.
Тоқты
21.03 - 20.04
Күрделі әңгімелер, артық міндеттемелер мен тым көп көңіл бөлуді талап ететін адамдар сізді шаршата бастайды. Бүгінгі күн барлығын бірдей арқалай беруді тоқтататын уақыт келгенін аңғартады.
Торпақ
21.04 - 21.05
Бүгінгі тіпті қысқа ғана әңгіме терең әсер қалдыруы мүмкін. Әсіресе, сөз сіз көптен көрмеген немесе қайта жолықтырамын деп күтпеген адам туралы болса.
Егіздер
22.05 - 21.06
Күннің бірінші жартысында жоспарларыңызға басқа қырынан қарауға мәжбүр ететін ақпарат пайда болуы мүмкін. Бірден шешім қабылдауға асықпаңыз - сәлден соң жағдай айқындала түседі.
Шаян
22.06 - 22.07
Сіз тым ұзақ уақыт бойы сабыр сақтап, уайымыңызбен ешкімді мазаламауға тырыстыңыз. Бірақ бүгін іште жиналған сезімнің сіз ойлағаннан әлдеқайда көп екені белгілі болады.
Арыстан
23.07 - 21.08
Біреу сізбен сөйлесуге, қасыңызда болуға немесе өзін еске түсіруге сылтау іздейтіні анық. Байқамаған сыңай танытсаңыз да, мұндай ілтипат сізге жағымды әсер етеді.
Бикеш
22.08 – 23.09
Бұл күн күтпеген шығындармен өтуі мүмкін: үйге, өзіңізге немесе "ұсақ-түйекке" жұмсалған ақшаның жалпы сомасы сіз жоспарлағаннан асып түседі.
Таразы
24.09 - 23.10
Бүгін көптен бері шешімін таппай жүрген мәселені талқылаудың сәті түседі. Артық айқай-шусыз, ашық сөйлесудің нәтижесінде көңіліңіз жеңілдеп сала береді.
Сарышаян
24.10 - 22.11
Өзгелердің эмоциясы, толассыз хат алмасулар мен үнемі байланыста болу қажеттілігі сізді қажыта бастайды. Артық дүниеден оқшауланып, тынығу үшін қолайлы күн.
Мерген
23.11 - 22.12
Кенеттен туған идея, кездейсоқ айтылған сөз немесе біреудің тарихы сізге тың серпін беруі мүмкін. Ең бастысы - үйреншікті әдетіңізбен бұл ұмтылысқа қол сілтей салмаңыз.
Тауешкі
23.12 - 20.01
Ұзақ уақыт бойы мазаңызды алған жағдайдың біртіндеп ретке келіп жатқанын ақыры түсінесіз. Бұл кездейсоқ керемет емес - бұл сіздің қиындықты ойдағыдан жақсы еңсергеніңіздің нәтижесі.
Суқұйғыш
21.01 - 19.02
Бүгін адамдарға ұнау сізге еш қиындық тудырмайды. Тіпті күш салмай-ақ, көңіл күйіңіз, көзқарасыңыз бен сөйлеу мәнеріңіз сіз үшін бәрін өзі реттейді.
Балықтар
20.02 – 20.03
Сіз көптен бері үміт артып жүрген адамнан немесе жағдайдан күтпеген жерден күдер үзесіз. Осымен бірге бойыңызды сирек кездесетін жан тыныштығы билейді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу