Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бұған түрткі - қоғамда резонанс туғызған Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апаты.
"Қазіргі уақытта қызметтік тәртіпті күшейту және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Қалаға басқа өңірлерден полиция жасақтары жіберілді. Кең ауқымды тексеру және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Алғашқы күндердің өзінде 4,8 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегінің жолы кесілді. Оның ішінде мас күйінде көлік басқару, қарсы жолаққа шығу, жалған нөмір қолдану және жүргізу құқығынсыз көлік басқару фактілері бар. 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды.Осындай күшейтілген іс-шаралар бүкіл ел бойынша жүргізілуде", - дейді Ержан Сәденов.
2026 жылғы 1 сәуірде Алматыда "Стоп-бұзушылықтар" ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖМК) басталды, осы мақсатты оңтүстік астанаға өңірлерден полиция күштері тартылды. 2 сәуірде ауқымды шара пысықталып, оның алғашқы қорытындылары жарияланды, 3 сәуірде аралық қорытындылар шығарылды.