Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

28.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалануды ақылға қонымсыз тірлік деп атады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, елдегі су ресурстарының тапшылығы мәселесі жүйелі әрі батыл шараларды қажет етеді. Ең алдымен, суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету керек.

"Үкімет пен әкімдіктер желілердегі шығынды азайтып, ауыз суды мақсатсыз пайдалануды, соның ішінде көлік жуу станцияларында қолдануды болдырмау арқылы су тұтынуға бақылауды күшейтуі керек. Көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану - әрине, ақылға сымайды нәрсе", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз тапсырмасымен су тұтыну саласында басталған ауқымды тарифтік реформаны еске салды. Оның айтуынша, бұл реформаны қисынды соңына дейін жеткізу қажет.

"Судың бағасы оның нақты құнына сай болуы керек", - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар Тоқаев Үкіметке қысқа мерзімде Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құруды аяқтауды тапсырды. Мемлекет басшысы цифрлық құралдарды қолдану су ресурстарының толық әрі шынайы есебін жүргізуге және жаңа өндіріс орындарын жоспарлау кезінде негізді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске сала кетейік: бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялап жатыр. Tengrinews.kz тікелей мәтіндік және бейне трансляция жүргізіп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью