Бұл әділетсіздік! . Асхат Аймағамбетов сабақтан тыс уақытта оқушы үшін мұғалім жауап бермейтіндігін мәлімдеді

29.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында педагог мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде және қызметтік міндеттері аясында ғана айқындалады, деп жазады Egemen.kz.

Ол заңға енгізілетін жаңа нормаға сәйкес, педагогтер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде және өз қызметтік міндеттері шеңберінде ғана жауапты болатынын атап өтті.

Білім саласындағы өзгеріс: Мұғалімдер үшін авторлық бағдарлама жазу талабы жойылады

«Алғашқысы − жауапкершілік мәселесі. Мемлекет басшысы тамыз кеңесінде мұғалімдер оқушылардың қауіпсіздігіне тек оқу-тәрбие үдерісі барысында және өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде ғана жауап беруі тиіс екенін атап өтіп, бұл норманы заң жүзінде бекітуді тапсырған болатын. Өткен жылы елде бірқатар резонанс тудырған жағдайлар тіркелген. Жаз мезгілінде, кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқықбұзушылық жасап немесе түрлі келеңсіз оқиғаларға тап болған. Мұндай сәттерде мұғалімдер олардың жанында болмайды. Соған қарамастан, мектеп директорлары мен ұстаздар тәртіптік жазаға тартылып, тіпті жұмыстан босатылған жағдайлар да кездескен. Әрине, бұл − әділетсіздік», деді Асхат Аймағамбетов.

Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?

Депутат жазғы демалыс пен түнгі уақытта да жауапкершілік ата-анаға жүктелетінін, енді бұл мәселеде екіұшты түсінік болмайтынын жеткізді. Айта кетейік, жаңа түзетулерге сәйкес педагогтер қағаз және электрондық есепті қатар жүргізу міндетінен босатылады.

Соңғы жаңалықтар

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі

Спорт • Бүгін, 13:40

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады

Мәдениет • Бүгін, 13:28

Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады

Қоғам • Бүгін, 13:12

Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Медицина • Бүгін, 13:02

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 12:57

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

Әлем • Бүгін, 12:52

Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді

Спорт • Бүгін, 12:42

Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған

Медицина • Бүгін, 12:37

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Парламент • Бүгін, 12:27

Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды

Президент • Бүгін, 12:15

Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті

Спорт • Бүгін, 12:10

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады

Әлем • Бүгін, 11:53

Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді

Қоғам • Бүгін, 11:47

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью