Бұл ақырғы шара : министр баланы отбасынан алып қою жағдайы туралы

23.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ердан Сәденов полиция баланы қандай жағдайда отбасыдан алып қоя алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгінде құқық бұзушылықтар туралы кез келген ақпарат жан-жақты тексеріліп отырады. Оған қоса, жалған ақпарат үшін жауапкершілік бар. Ал балаларға қатысты құқық бұзушылықтар қатаң бақылауға алынады.

"Балаларды отбасыдан алып қою - бұл ақырғы шара. Оны заңсыз әрекеттің болғанына нақты көз жеткізгеннен кейін ғана қолданады. Біздің жұмысымызда ондай мысалдар көп. Ата-аналардың "қылмыстық" сипаттағы қарым-қатынасынан кейін басқа амал қалмайды. Биыл Шымкентте бір әйелді бес жылға соттады. Ол өз балаларының бетіне үтік басқан. Өкінішке қарай, туыстардың бәрі бірдей ондай фактілер туралы арыз түсірмейді", - деді Сәденов Polisia.kz порталында жарияланған сұхбатында.

Министрдің айтуынша, ондайда бөтен адамдар полицияға жиі хабар беріп отырады. Мәселен, Жетісу облысының тұрғындары соққыға жығылған қызды видеоға түсіріп, полцияға жіберген. Бала анасымен бірге ауруханаға түсті. Сөйтсе, оны туған әкесі өлімші етіп сабаған. Ер адам сотталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью