Бұл бұлан ба? Қатонқарағайда фототұзаққа түнде кім түскенін түсіндірді

08.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қатонқарағай ұлттық паркіне түнде келген қонақты көріп, кейбір желі қолданушылары камераға түскен жануар марал екеніне күмән келтірді. Ұлттық парк өкілдері оны бұланнан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Travel.

"Объективте - марал"

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Instagram-дағы парақшасында фототұзаққа түскен кадрларды бөлісті. Бейнежазбадан Қатонқарағай ұлттық паркіндегі орманда түнде жалғыз жайылып жүрген маралды көруге болады.

"Фототұзақтар орман тіршілігінің тағы бір әдемі сәтін тіркеді. Жақында камера объективіне кішкентай тиін түссе, басқа күні түнгі уақытта сол жабайы табиғаттың мүлде басқа кейіпкері - марал бой көрсетті", - деп хабарлады ұлттық парк.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөліскен жазба (@qazaqormany)

Сондай-ақ күндіз аумақта тиінді де байқауға болады.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөліскен жазба (@qazaqormany)

"Марал ма, әлде бұлан ба?"

Желідегі кейбір қолданушылар кадрдағы жануар расында марал екеніне күмән келтірді. Олардың айтуынша, жануар тым ірі көрінеді.

Қатонқарағай ұлттық паркі бейнежазбадағы жануар марал екенін растады. Мамандар екі жануарды қалай ажыратуға болатынын түсіндіріп берді.

"Маралдың бұланнан басты айырмашылығы - дене бітімі мен мүйізінің пішінінде. Маралдың денесі сымбатты, басы денесіне пропорционалды және мүйіздері тармақты болып келеді. Бұлан әдетте ірі әрі биік, аяғы ұзын, тұмсығы ауыр, созылыңқы және тамақ астында өзіне тән тері өсіндісі болады. Ересек бұлан мүйіздері көбіне жалпақ, күрек тәрізді келеді", - деп атап өтті ұлттық парк өкілдері.

2026 жылғы көктемгі есеп қорытындысы бойынша Қатонқарағай ұлттық паркінде 454 марал және 127 бұлан бар.

Ұлттық парк мәліметінше, жануарларға қатысты күзгі санақ әлі жалғасып жатыр, сондықтан соңғы мәліметтер әзірге белгісіз. Жануарлар санын есептеу жылына екі рет - көктемде және күзде жүргізіледі.

Айта кетейік, жақында "Бұйратау" ұлттық паркіндегі фототұзаққа сирек кездесетін арқарлар түсіп қалған болатын.

Тағы оқыңыз: Сирек кездесу: Каспийде итбалық қайыққа жүзіп келді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью