Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Актриса, әнші Айгүл Иманбаева қыз-келіншектерге кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, әрбір нәзік жан ең алдымен өзін жақсы көріп, өзін ойлауы керек.
«Жаныңыздағы жандар жарқырап жүрсін деп, өзіңізді ұмытып кетпеңіз. Өзіңізді жақсы көру – эгоизм емес, бұл өзіңізге деген құрмет», - деді актриса.
Желі қолданушыларының бір бөлігі қолдау білдірсе, енді бірі өзгелерге көмектескен дұрыс деп санайды.
«Қазір елдің бәрі осы әңгімені айтатын болыпты, өзіңе қара, өзіңді бапта, өзіңді дамыт деп. Жанымыздағы жақынымызды ойламасақ, шетімізден эгоист болсақ , қалай болады екен», «Айгүл ханым, көңіл күйім бұзылып отыр едім, сізден жаксы сөз естіп, дұрыс айтасыз!», «Осыған көзім енді жетті, 40-тан асқанда», «Бізді ата- анамыз бір-біріңе қамқор болыңдар, көмектесіңдер, барыңды бөлісіңдер деп үйретті», «Тойып алыпты психологтің әңгімесіне», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.