Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
ЕО өкілдері Дональд Трамптың альянс мүшелері өмірлік маңызы бар бұл су жолына кіруді қалпына келтіруге көмектеспесе, НАТО-ның болашағы бұлыңғыр болады, деген қорқытуларына қарамастан осындай шешім қабылдады.
ЕО-ның 27 елінің сыртқы істер министрлері АҚШ президентінің Еуропа елдерін Иранның Америка мен Израильдің әуе шабуылдарына жауап ретінде жауып тастаған мұнай тасымалдау үшін маңызды су жолын қорғауға көмектесуге шақыруын талқылау үшін Брюссельде жиналды.
Талқыланған идеялар қатарында еуропалық әскери кемелерді Парсы шығанағы мен Оман шығанағы арасындағы бұғазды патрульдеу үшін ЕО әскери-теңіз миссиясының Aspides мандатын кеңейту болды.
Еуропа тәуекелге бел буып отыр
Алайда бірнеше сағатқа созылған жабық есік артындағы келіссөзден кейін еуропалық дипломаттар мұны Америка шешуі керек мәселе деп санайтынын анық білдірді, деп жазды Politico.
- Еуропа ұзаққа созылған соғысқа мүдделі емес. Бұл Еуропаның соғысы емес, бірақ Еуропаның мүдделеріне қатер төніп тұр, - деп мәлімдеді кездесуден кейін дүйсенбі күні кешке ЕО дипломатиялық ведомствосының басшысы Кая Каллас.
EU has 'no appetite' to expand Mideast naval mission to Strait of Hormuz, Kallas says - https://t.co/kR9trHLo56
— Reuters Iran (@ReutersIran) March 16, 2026
Министрлер арасында ЕО-ның Таяу Шығыстағы әскери-теңіз миссиясын «нығайтуға» «айқын ниеті» болғанымен, «мандатты өзгертуге ешқандай ниет болған жоқ», - деді Каллас бұғазға әскери кемелерді орналастыру мәселесіне сілтеме жасай отырып.
Біз бұл соғысты бастаған жоқпыз
Германия бұғазды қайта ашуды қоса алғанда, қандай да бір әскери әрекетке қатыспайтынын білдірді.
- Америкалықтар бұл жолды израильдіктермен бірге таңдады. Біз бұл соғысты бастаған жоқпыз, - деп мәлімдеді Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус.
Ол сондай-ақ Германияның басты міндеті – НАТО аумағын қорғау екенін қосып өтті.
Люксембург вице-премьері Ксавье Беттель өз елінің Вашингтонның «бопсалауына» бой алдырмайтынын атап өтті.
- Бізден әскер жіберуді сұрамаңыздар, - деп мәлімдеді Беттель Брюссельде тілшілерге. Литва мен Эстония НАТО елдері АҚШ-тың көмек туралы сұрауын қарастыруы керек деп мәлімдеп, бірақ кез келген ықтимал миссияның түрлі аспектілеріне қатысты нақтылық қажет екенін ескертті. Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары Трамптың «стратегиялық мақсаттарын» түсінгісі келетінін мәлімдеді. «Жоспар қандай болады?» - деп сұрады ол.
НАТО-ның 4-бабы
Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Трамп әкімшілігін белгіленген рәсімдер шеңберінде әрекет етуге шақырды.
- Егер НАТО арқылы сұраныс түссе, біз әрине, америкалық одақтастарымызға құрмет пен жанашырлық таныта отырып, оны мұқият қарастырамыз, - деді ол.
Сикорский НАТО-ның құрылтайшы келісімінің 4 бабына сілтеме жасап, егер одақтастар ұйымның аумағы мен қауіпсіздігіне қауіп төнсе, осы бапты қолдануға болатынын еске салды.
Ұлыбритания, Аустралия және Жапонияның бас тартуы
Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер корольдіктің «кеңірек соғысқа тартылмайтынын», бірақ «өміршең жоспар» бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген болатын.
- Түптеп келгенде, мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Ормуз бұғазын қайта ашуымыз керек. Бұл оңай міндет емес, - деді премьер-министр.
Ол еш әрекетті жоққа шығарған жоқ, бірақ оны мүмкіндігінше серіктестердің көбімен үйлестіру қажет екенін айтты.
Аустралия мен Жапония да әскери кемелер жіберу жоспары жоқ екенін мәлімдеді.
«Мен үшін ынта-ықыластың қаншалықты деңгейде екені маңызды: Трамп
Еске сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні The Financial Times (FT) басылымына берген сұхбатында егер Вашингтонның одақтастары Ормуз бұғазын ашуға көмектеспесе, НАТО-ның болашағы бұлыңғыр болатынын ескертті.
Ол әлеуметтік желілерде бұғаздың қауіпсіздігіне қатысты жеті елмен байланыста екенін жазды, алайда бұл елдерді атаған жоқ.
Дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында Трамп одақтастарды бұғаздағы кеме қатынасын қалпына келтіруге көмектесуге тағы шақырды.
- Кейбіреуі бұған ықылас танытып отыр, ал кейбірі ондай емес. Олардың кейбіреуі – біз көптеген жылдар бойы көмектесіп келе жатқан елдер. Біз оларды үлкен қауіп-қатерлерден қорғадық, бірақ олар қуанбады. Сол сбеепті олардың құлшыныс деңгейі мен үшін маңызды, - деді ол Ақ үйде өткен іс-шарада.
Осыған дейін Иранға тиесілі емес алғашқы танкер Ормуз бұғазы арқылы өткенін хабарладық.