Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Ашық дереккөз (архив)
Айыппұлдарды жою және борыштық жүктемені азайту
Депутаттың айтуынша, заң жобасының басты мақсаттарының бірі – қылмыстық саясатты ізгілендіру және алғашқы әкімшілік рақымшылық аясында халықтың борыштық жүктемесін азайту.
Балабиевтің сөзінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте уәкілетті органдар шығарған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тоқтату тәртібін реттейтін нормалар қарастырылған.
Елімізде сотталған азаматтардың қаншасы рақымшылыққа ілігеді?
Сонымен қатар, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңда рақымшылық актісі қолданылған жағдайда атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуға негіз болатын нормалар бар.
«Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбей-ақ мүлік пен банк шоттарына қойылған шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, атқарушылық іс жүргізу рақымшылық актісі негізінде тоқтатылған жағдайда азаматтар атқарушылық санкциялар мен жеке сот орындаушысының қызметіне төленетін қосымша шығындардан босатылады», деп атап өтті депутат.
Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер рәсімді жеңілдетіп қана қоймай, азаматтардың қаржылық жүктемесін де едәуір азайтады.
Қылмыстық-атқару жүйесінде қандай өзгерістер күтіледі?Қазақстанда кімдердің әкімшілік жазалары толықтай кешіріледі?
Балабиев заң жобаларын қабылдау қылмыстық-атқару саласындағы бірқатар жүйелі мәселені шешуге мүмкіндік беретінін де айтты.
Атап айтқанда, рақымшылыққа ілікпейтін адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту, мекемелердегі тұрмыстық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ медициналық-санитарлық жағдайларды жетілдіру көзделіп отыр.
Сонымен бірге, босайтын бюджет қаражатын қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға және жазаны орындаудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағыттау жоспарланған.
Рақымшылық – құқық бұзушылықтың алдын алу құралыДепутат рақымшылықтың тек құқықтық тетік қана емес, сонымен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралы екенін атап өтті.
«Өз қателігін түсініп, түзелуге мүмкіндік алған адам қылмысты қайта жасауға азырақ бейім болады», деді ол.
Балабиевтің айтуынша, рақымшылық мемлекеттің тек жазалай алатынын ғана емес, сонымен қатар түзете алатынын, құқық бұзушылықтардың алдын алып, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіре алатынын көрсетеді.
«Рақымшылық – мемлекеттің әлсіздігі емес, заңның тек жазалап қана қоймай, түзетуге, алдын алуға және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге қабілетті екенін аңғартатын күшті мемлекеттің көрінісі», деді депутат.
Ол қаралып жатқан заң жобалары конституциялық реформалардың рухына, Әділетті Қазақстан құру міндеттеріне және ел азаматтарының мүдделеріне толық сәйкес келетінін қосты.