Бұл менің Нарниям : Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

05.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Жезқазған қаласының тұрғыны Лариса Рабчевская – қолөнерге жақын, ерекше талантымен көпшілікті тәнті етіп жүрген жан. Оның қолымен безендірілген көпқабатты үйдің кіреберісі бүгінде шағын музейді еске салады. Ерекше өнер иесімен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты.

Өмір бойы фельдшер болып еңбек еткен Лариса Рабчевская бүгінде алпысты алқымдаған. Оның қолынан шыққан туындылар көпшіліктің қызығушылығын тудырып келеді. Соның жарқын мысалы – өзі тұратын көпқабатты үйдің ерекше безендірілген кіреберісі.

© Sputnik / Айдана ДайыроваЖезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Мен кәсіби шебер емеспін, әуесқоймын. Арнайы білімім де, тәжірибем де жоқ. Адамдардың менің туындыларыма қызығушылық танытып жатқанына өзім де таңғаламын. Бұл кіреберісті алты жыл бұрын көршілерімнің өтінішімен безендірдім", – дейді Лариса Рабчевская.

Ол еңбек жолын жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып бастап, кейін Жезқазған қалалық ішкі істер департаментінде жұмыс істеген.

© Sputnik / Айдана ДайыроваЖезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

© Sputnik / Айдана Дайырова

Өнерге деген қызығушылығы ұлының еңбек пәні мұғалімінің арқасында оянған.

"Ұлым мектепте еңбек сабағында түрлі бұйымдар жасауды үйренетін. Сол кезде менің де қызығушылығым артты. Ұлым әскерге барып келді, ал мен әлі күнге дейін осы іспен айналысып келемін", – дейді ол.

Ларисаның айтуынша, алғашқы кезде бірінші қабаттағы көршілерінің бірі қабырғаны безендіруге қарсы болған. Алайда қалған тұрғындар қолдау білдіріп, тіпті кейде көмектесуге де ниет танытады.

Шебер негізгі жұмысынан кейін кешкі уақытта күніне екі-үш сағат уақытын шығармашылығына арнайды.

"Түнімен жұмыс істегім келеді, бірақ көршілердің тыныштығын бұзуға болмайды", – дейді ол.

Лариса подъездің мұндай ерекше безендірілуін "Нарния есігі" деп түсіндіреді. "Бұл – менің Нарниям", – дейді ол.

"Нарния есігі" – ағылшын жазушысы Клайв Степлз Льюистің "Нарния шежіресі" атты кітаптар сериясындағы сиқырлы әлемге апаратын есік. Шығармада ол көбінесе Певенси балалары Нарнияның ғажайып әлеміне өтетін ескі гардеробпен байланыстырылады. Ал бейнелі мағынада "Нарния есігі" – басқа әлемге, қиялға немесе күтпеген, жасырын кеңістікке жол ашатын метафора.

Барлық материалды Лариса өз қаражатына сатып алады.

"Мен ақша туралы айтқанды ұнатпаймын. Мұның бәрін өзім үшін, жан қалауыммен жасаймын. Қанша қаражат кеткенін есептемеймін. Әрине, қажет дүниенің бәрін бірден сатып алуға мүмкіндік бола бермейді. Бірақ бұл іске келгенде ақшаны ойламаймын", – дейді ол.

Арнайы шеберханасы жоқ. Барлық жұмысын өз пәтерінің ас үйінде атқарады. Оның айтуынша, ең ауыр жұмыс – бетон қоспасын дайындау, өйткені ол қолға көп салмақ түсіреді.

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

1/2

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

2/2

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

1/2

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

2/2

© Sputnik / Айдана Дайырова

Жезқазған тұрғыны үйдің кіреберісін сиқырлы әлемге айналдырды

Соған қарамастан, Ларисаның жергілікті билікке айтар бір ғана өтініші бар – ауладағы тазалық мәселесін шешуге көмектесу.

"Біздің маңда дүкендер мен балабақша көп. Соның салдарынан қоқыс жәшіктері тез толады. Бұрын қоршауы бар еді, жаңа контейнерлер қойылғалы бері айналасы ашық қалды. Жел тұрса, қоқыс жан-жаққа ұшып, тіпті бетке дейін келеді. Сол жерді ретке келтірсе екен. Сондай-ақ шағын жолымызға асфальт төсеп берсе деген өтінішім бар", – дейді Лариса Рабчевская.

Лариса Рабчевская Жезқазған қаласындағы Жалел көшесі, 15 мекенжайында тұрады. Өз күшімен үйдің кіреберісі мен айналасын ерекше көркемдеп жүрген тұрғын жергілікті әкімдік аула тазалығын жақсартуға қолдау көрсетсе деген үмітін жеткізді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью