Бұл не қылған сұлу? ерекше құс Қызылорда тұрғындарының назарын аударды

29.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Парктегі жай ғана серуен сирек кездесетін құспен күтпеген кездесуге ұласты. Қызылорда тұрғыны оны бұталар арасынан байқап қалып, видеоға түсіріп үлгерген. Tengri Travel мұндай қонақтың қала ішінде көрінуі неге таңсық дүние екенін анықтап көрді.

Парктен ерекше құс байқалды

Қанатты қонақпен кездескені туралы Қызылорда тұрғыны әлеуметтік желілерде айтып берді.

"Президент саябағында серуендеп жүріп, бұталардың арасында бір қозғалысты байқадым. Жақынырақ барсам, осы құсты көрдім. Ол тасжолдың үстімен өте сыпайы қозғалып, шөп арасынан бірдеңе іздеп жүрді, бірақ өте сақ әрі үркек екен", - дейді ол.

Алдымен әйел нейрожелілердің көмегіне жүгінген, олар видеодағы құсты жорға дуадақ (дрофа-красотка) деп болжаған. Бұл нұсқаны тексеру үшін ол әлеуметтік желі қолданушыларынан сұрауды жөн көрген.

Скриншот: Threads

Пікір қалдырушылардың көбі бұл болжаммен келісіп, осы құстарды бұрын-соңды қай жерде көргендері туралы естеліктерін бөлісті.

"Бұл - дуадақ, өте әдемі құс", "Бұрын тау бөктерінде дуадақтар көп болатын, жиі көретінмін", "Жорға дуадақ Қызыл кітапқа енген. Оны соншалықты жақыннан түсіріп алғаныңыз керемет болған!" - деп жазды желі қолданушылары.

Орнитолог не деді?

Біз орнитолог Виктория Ковшарьдан ақпарат алдық. Маман видеодағы құстың шынымен де Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жорға дуадақ екенін растады.

Орнитологтың айтуынша, Қызылорда қаласы осы құстың таралу аймағының дәл ортасында орналасқан.

"Ол Қызылорда маңындағы шөлді жерлерде ұя салады, сондықтан бұл өңірде оны кездестіру қалыпты жағдай, ал қала ішінде көрінуі - сирек құбылыс", - деді ол.

Орнитолог құсты кездестіргенде оны үркітпеу және тым жақын бармау маңызды екенін ескертті. Егер аса қажеттілік болмаса, көмектесуге тырыспаған жөн - жай ғана сырттай бақылап, мазасын алмаған дұрыс.

Тағы оқыңыз: “Құлашын жайғанда үш метрден асады“. БҚО-да Қызыл кітапқа енген құс видеоға түсіп қалды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью