Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ға қатысты сынымен келісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ға қатысты сынымен келісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы өте өзекті халықаралық мәселелердің шешілуіне Қауіпсіздік Кеңесінің өзі кедергі келтіріп отырғанын атап өтті. Салдарынан адамдар, дипломаттар мен саясаткерлер басқа алаңдарда келіссөз жүргізуге мәжбүр.
"Айтпақшы, бұл проблеманы былтыр қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті сессиясында Президент Дональд Трамп дәл сипаттады. Мен онымен толық келісемін. Ол БҰҰ штаб-пәтеріндегі бұзылған телесуфлер мен эскалаторды сынға алып, "БҰҰ-да бәрі істен шыққан!" деді. Алайда ең маңызды мәселе – Біріккен Ұлттар Ұйымында және басқа да халықаралық құрылымдарда бейбітшілікті сақтау үдерісі тоқырап тұр. Мен – көпжақты дипломатияның жақтаушысымын. Бейбітшілікке бастайтын әділдік идеясының төңірегіне топтасқан адамзаттың жарқын болашағына әлі де сенемін", – деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!