Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ұшқыш диспетчермен байланысқа шығып, таныс дауысты естиді. Радиоарнаның екінші жағындағы оның ұшуға дайындалып жатқан қызы болып шықты. Олардың Вашингтон әуежайындағы қысқаша әңгімесі желіде тез тарап кетті, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Әкесі Мюнхенге, қызы Сиракьюсқа ұшқан
Вашингтондағы Даллес халықаралық әуежайынан түсірілген 45 секундтық видео әлеуметтік желілерде пайда болып, қолданушылардың назарын бірден аударды. Сол сәтте ер адам Мюнхенге бағыт алған Boeing 787 ұшағын ұшуға дайындап жатқан. Ол диспетчермен байланысқа шыққанда, оның дауысын кездейсоқ қызы естіп қалады.
Ол бұл уақытта Embraer E145 штурвалында отырып, Сиракьюсқа баратын рейсіне дайындалып жатқан.
Ол әкесін дауысынан танып, оған сәтті сапар тілейді. Диспетчер жағдайды бірден түсініп, әңгімені жалғастыруды жөн көрген.
Олар не туралы сөйлесті?Диспетчер әкесінен қызы туралы сұрайды. Ұшқыш қызы бөлек тұрса да, әлі күнге дейін оның отбасылық мобильді байланыс тарифінде екенін айтып, әзілмен жауап береді.
Диспетчер де қалжыңды іліп әкетіп, қызы тұрмысқа шыққанша оны тарифтен шығармауға кеңес береді.
"Мен әлі тұрмысқа шыққан жоқпын", - деп жауап береді қыз күліп.
"Мен де әлі отбасылық тарифтемін"
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Әлеуметтік желідегі ролик жүз мыңдаған қаралым жинап жатыр. Желі қолданушылары диспетчер қызбен танысу мүмкіндігін жіберіп алды деп әзілдеп жатыр, сондай-ақ өздерінің де бөлек тұрса да, ата-аналарының отбасылық тарифінде екенін жарыса жазып жатыр.
"Егер диспетчер эфирде: "Мен де бойдақпын" деп жауап бергенде, қызық болар еді". "Керемет оқиға! Әсіресе оның "Мен әлі тұрмысқа шыққан жоқпын" деген сәті өте күшті шыққан".
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу