Бұл сөзді бұрын айтпаппын : Ұлттық ұлан сарбаздары аналарын мерекемен құттықтады

06.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ұланының сарбаздары аналарын ерекше тәсілмен құттықтады. Сарбаздарына аналарына телефон арқылы хабарласып, жүрекжарды лебіздерін жеткізуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскердегі ұлынан тосын қоңырау алған аналар бұл сәтті күтпегенін айтып, эмоцияларына ерік берді. Кейбірі көз жасына ие бола алмай, перзентіне деген сағынышы мен аналық мейірімін жеткізді.

8 наурыз мерекесіне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Ұлттық ұланда қызмет етіп жүрген жас сарбаздар үшін де бұл ерекше сәт болды. Олар әскери қызмет барысында әрдайым қолдау білдіріп, сенім артқан аналарына алғыс айтып, мерекемен құттықтады.

8 наурыз қарсаңында пойыздағы әйелдерге сыйлықтар таратылды

Қатардағы жауынгер Саят Қойшыбаевтың айтуынша, анасына жылы сөз айту – әр перзенттің парызы.

«Әскери қызметке келгеннен бері анамды қатты сағындым. Ол әрдайым маған қолдау көрсетіп, сенім білдіреді. Бүгін телефон арқылы хабарласып, мерекемен құттықтап, жақсы көретінімді айту мен үшін ерекше сәт болды. Бұл сөзді бұрын айтып көрмеппін. Барлық аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», деді сарбаз.

Мұндай шаралар сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, олардың отбасы мүшелерімен байланысын нығайтуға да ықпал етеді. Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери бөлімдерінде тұрақты түрде түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізіліп тұрады. Соның ішінде ата-аналар мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне арналған ашық есік күндері ұйымдастырылып, олар сарбаздардың тұрмыс-тіршілігімен таныса алады.

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью