Бұл таңдау және өмір үшін күрес : Дариға Бадықова жаңалығын жеткізді

11.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа фильмінің түсірілімі басталғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Өскеменге келіп, үлкен жобаны қолға алғанын жеткізді. Дариға Бадықова бұл жолы құтқрушылардың өмірі туралы фильм түсіріп жатқаны белгілі болды.

Продюсер жауапты сәтте көрерменнен қолдау күтетінін айтты.

«Кейде әлсізбін…. Бірақ елдің Дариғасын қолдайтын сіздер бар. Жаңа фильмнің түсірілімін бастадық. Бұл жолы тақырып та, жауапкершілік те бөлек. Біз күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін құтқаруға асығатын ТЖМ қызметкерлері туралы оқиғаны экранға алып келеміз. Сіздердің әрбір жылы тілектеріңізді оқып отырмын. Шынымды айтсам, дәл осындай сәттерде қолдау сөздері жанға күш береді, жауапкершілікті одан сайын сезіндіреді. Бұл фильм мен үшін жай ғана жоба емес. Бұл – ерлік, адамгершілік, таңдау және өмір үшін күрес туралы әңгіме. Сіздердің қолдауларыңызға рақмет! Тілектеріңіз қабыл болсын. Біз бар күшімізді салып, көрермен жүрегіне жететін дүние жасауға тырысамыз», - деді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью