Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Еліміздің мәнерлеп сырғанаушылары ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында жарқырап шығып, халықаралық аренада өздерінің мықтылығын мойындата бастады. Алғашында Денис Тен олжаға кенелсе, одан кейін Элизабет Тұрсынбаева топ жарды.
Есімдері аталған мықтылардың екеуі де қазір үлкен спортта жоқ. Сочи Олимпиадасында қола алып, әлем чемпионатында екі рет жеңіс тұғырына көтерілген Денис 2018 жылдың жазында, жарқылдап тұрған 25 жасында Алматының қақ ортасында қарақшылар қолынан қаза тапты. Элизабет 2019 жылы Сайтамада ұйымдастырылған дүниежүзілік додада күміс медальды мойнында жарқыратты. Сол жылы Дүниежүзілік универсиада мен «Төрт құрлық біріншілігінде» де екінші орынды иеленді. Бірақ арада екі жыл өткен соң, ескі жарақаттарынан айыға алмаған 21 жастағы аса дарынды Элизабет қалың жұрттың алдында өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын жария етті.
Содан кейін Михаил Шайдоровтың дәуірі басталды. 2004 жылдың жазында Алматыда дүниеге келген жас өрен бірден дара талантымен танылды. Алғашында әкесі Станислав Шайдоровтың, одан кейін ресейлік Алексей Урмановтың қол астында жаттыққан жастың шеберлігі уақыт озған сайын шыңдала түсті. 2022 жылы Миша Таллинде өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленіп, көпшілік назарын өзіне аударды. Балтық жағалауында жерлесіміз америкалық Илья Малининнен ғана қалып қойды. Бұл тарихи сәт еді. Олай деуге негіз, оған дейін еліміздің бірде-бір мәнерлеп сырғанаушысы жастардың әлемдік додасында жүлде алған емес. Тіпті мақтаулы Тен мен Тұрсынбаевалардың өзі кезінде төртінші орынды қанағат тұтты.
Көп ұзамай кейіпкеріміз ересектер арасындағы бәсекелерде өнер көрсете бастады. Бұл сайыстарда да Шайдоровтың жұлдызы жарқырай жанды. Қатарынан бес рет ел чемпионы атанған сайыпқыран халықаралық жарыстардан да олжалы оралды. Алматылық өренге әсіресе өткен жыл аса табысты болды. Сеулдегі «Төрт құрлық біріншілігінде» алдына жан салмаса, Харбиндегі Азия чемпионатында қолаға қол созды. Бостонда жалауы желбірген әлем чемпионатында күллі қазақ жанкүйерлері Михаилге дән риза болды. Небір күрделі элементтерді сәтті орындап, шеберліктің шынайы үлгісін көрсеткен отандасымыз күміс медаль еншіледі. Бұл жолы да оның алдын Илья Малинин орап кетті.
21 жастағы Михаил Шайдоров қазір нағыз бабында. Кейінгі кездері өткен жарыстарда оның үнемі жеңіс тұғырынан көрінуі – осы сөзіміздің айқын дәлелі. Ендігі мақсаты – Апеннин түбегінде алауы тұтанатын Олимпия ойындарында атой салу. Ол мақсатына қол жеткізуге еліміздің атақты мәнерлеп сырғанаушысының барлық мүмкіндігі бар. Басқалай айтқанда, бұл жігіттің жөні бөлек, Олимпиада алтынынан үміттіміз.
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше