Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді қағазбастылықтан, шексіз есеп беруден арылту керектігін атап өтті, деп хабарлайды Tengri Edu.
Президент барлық мемлекеттік сервистер мен қызметтерді біріктіретін, мұғалімдерді күнделікті күйбең жұмыстан құтқаратын білім беру деректер базасы жаңғыртылып жатқанын еске салды.
"Әсіресе, соңғысы өте маңызды. Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек. Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына, оқу процесіне тікелей қатысы жоқ түрлі қоғамдық іс-шараларға тартқаны туралы жаңалықтар ара-тұра шығып жатады. Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдік басқармалары, ең алдымен, нормативтік-құқықтық және реттеуші базаны жетілдірумен, тиімді оқу процесін қалыптастырумен айналысып, білім беру бағдарламаларына мұқият талдау жасауы тиіс екенін еске салды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу