24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Салауатты өмір салтын таңдайтын қазақстандықтар қатары артып келеді. Қазіргі таңда ел тұрғындарының 41.4 пайызы спортпен шұғылданады.
Жыл соңына дейін көрсеткішті 42 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді. Әсіресе бұқаралық спортқа жас ұрпақты көптеп тарту – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Бүгінде жөспірімдердің 30,4 пайызы спортқа бет бұрған. Оған бір себеп – елде арнаулы мекемелер саны көбейді. Бүгінде өңір-өңірде 526 балаларға арналған спорт мектебі жұмыс істеп тұр.