Бұқарбай батырдың қылышы

04.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қызылордадағы тарихи-өл­кетану музейінде даңқ­ты батыр, қаһарман қол­басшы Бұқарбай батыр Естекбайұлының қы­лышы тұр. XIX ғасырдың алғаш­қы ширегінде дүниеге келген батыр есімі патша отаршылары мен Қоқан бектеріне қарсы күресімен, елін кәсіпке баулыған еңбегімен мәлім.

Ел тәуелсіздігі жолында атқа қонған Кенесары хан бастаған ұлт азаттық көтерілісінің белгілі сардарларының бірі болған батыр 1838 жылы Ақмола бекінісін алуға қатысады. Кейіннен Сыр бойында патша әскері мен Қоқан сарбаздарына қарсы қол бастаған батыр туралы деректер Орынбор, Санкт-Петербург пен Ташкент архивтерінде сақталған. Жасы келген шағында жұртты арық қазуға жұмылдырып, елін егіншілікке баулиды. Ұзындығы 25-30 шақырымдық сол арық әлі де кәдеге асып тұр.

Бір жарым ғасырдан асатын тарихы бар қылыш облыстық тарихи-өлкетану музейіне былтыр экспозиция жасалған кезде уақытша әкелініпті. Негізгі иесі – батыр атындағы ауылда бой көтерген музей. Кезінде қылышты ауыл музейіне батырдың шөбересі Жоламан Алданазаров өткізген екен. Жүзінің бас жағы қайраққа жиі түскендіктен аздап ойыңқы тартқан. Қыны ағаштан жасалып, сырты былғарымен қапталған.

Батырдан қалған мұралар қата­рында қылышы, туы мен дөңгелек мөрі де бар.

ҚЫЗЫЛОРДА

Соңғы жаңалықтар

«Әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған»: Ақтөбеде ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: 500-ге жуық қазақстандық елге оралады

Оқиға • Кеше

Ертең бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Ауа райы • Кеше

Семейдегі өрт: Оқиға орнында 6 адам медициналық көмекке жүгінді

Оқиға • Кеше

Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: Соңғы 3 жылда 7 млн балаға 2,5 млрд доллар бөлінді

Оқиға • Кеше

ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді

Ата заң • Кеше

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Оқиға • Кеше

Ерлан Қарин: Конституциялық өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді

Ата заң • Кеше

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 49 мыңға жуық ЖРВИ дерегі тіркелді

Аймақтар • Кеше

Дубай қаласынан 306 жолаушы елге оралды

Әлем • Кеше

Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады

Президент • Кеше

«Адал азамат» бағдарламасы: Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін меңгереді

Референдум • Кеше

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

Спорт • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью