Бұқтырмада балықшылар бақ сынасты

14.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алтай ауданында шығыс жұрты «Бұқтырма балықшысы» республикалық фестивалін атап өтті. Бұл күні Бұқтырма суқоймасына қармақтарын асынған балықшылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды.

Олардың ішінде кәсіби балық­шылар да, қарапайым тұрғындар да болды. Мұз ойып, қармақ салған­дар  арасында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та жүрді.

Балықшылар арасындағы жа­рысқа қатысуға  ниет білдір­гендер алдын ала тіркеліп, қауіп­сіз­дік ережелерімен танысты. Жан­күйерлер мен көрермендерге ұйым­дастырушылар түрлі ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Мұз үстінде қонақтарға арнайы киіз үй тігіліп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Қармақ салмағандар табиғат аясында атқа мініп, ит жегілген шанамен серуендеді. Сахнада қазақ эстрадасының жұлдызы Еркін Нұржанов ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонау Кубадан арнайы келген «Проект Умберто» тобы Алтайдың сақылдаған сары аязына қарамастан, әуелете ән салды. Жиылған жұрт өнерпаздарға қошемет көрсетіп қолпаштады.

«Жыл сайын қатысушылар қатары артып келеді. Мұндай шаралар туризмді дамытуда, белсенді әрі саламатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да осындай бастамаларды қолдап, туризмді дамытып, Шығыс Қазақстан картасында жаңа тартымды орындар қалыптастыра береміз», деді өңір  басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Кәсіби балықшылар мен әуес­қойлар бақ сынаған фестивальда үз­діктер бірнеше аталым бойынша анықталды. «Әйел балықшы» аталымында Ирина Сламихина жеңімпаз атанып, 100 мың теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Ең үлкен балық аулаған Гали Темірғалиев «Big Fish» аталымында үздік шықты. 3-орын мен 300 мың теңге сыйақыны Айқын Нұрмұхамбетов иеленді. 2-орынды Владимир Карпенко жеңіп алды. Оған 400 мың теңге сыйақы берілді. Ал «Бұқтырма балықшысы» фестивалінің бас жүлдесін және 500 мың теңге сыйақыны Быструха ауылының тұрғыны Роман Иванов жеңіп алды.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті

Қоғам • Бүгін, 11:33

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

Қоғам • Бүгін, 11:17

Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 11:10

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Қоғам • Бүгін, 11:03

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:59

Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

Аймақтар • Бүгін, 10:41

Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды

Мереке • Бүгін, 10:28

Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:18

Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты

Қоғам • Бүгін, 10:08

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50

14 наурызда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:48

Өңір үні – ұлттық баспасөзде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Белсенді белес басталды

Референдум • Бүгін, 09:35

Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қоғам • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью