Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақмола облысында халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды.
Көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысын облыс әкімі Марат Ахметжанов бастап берді. Жаңа нысан халықаралық форумдар, іскерлік кездесулер, көрмелер мен ауқымды мәдени іс-шараларды өткізуге арналған заманауи алаңға айналады.
© Photo : Пресс-служба акима Акмолинской областиБурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталық бой көтермек
Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталық бой көтермек
© Photo : Пресс-служба акима Акмолинской области
"Бұл – "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында бой көтеретін алғашқы нысандардың бірі. Бурабай Қазақстандағы туризмді дамытудың үш басым орталығының қатарына кіреді және бірегей табиғи әлеуетке ие. Бүгінде оның демалыс орны ретіндегі тартымдылығын сақтап қана қоймай, жыл он екі ай бойы қонақ қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа инфрақұрылым қалыптастыру маңызды", – деді Ахметжанов.
Жаңа кешен MICE-туризмді дамытуда да ерекше рөл атқарады. Осындай ауқымды алаңның пайда болуы өңірге халықаралық ұйымдарды, іскерлік қауымдастықтар мен кәсіби бірлестіктерді тартуға мүмкіндік бермек.
© Photo : Пресс-служба акима Акмолинской областиБурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталық бой көтермек
Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталық бой көтермек
© Photo : Пресс-служба акима Акмолинской области
Кешеннің жалпы ауданы 12,8 мың шаршы метрді құрайды. Жобада 1000 орындық көрермен залы, 160 адамға арналған конференц-зал, көрме алаңдары, мультимедиялық зал, кафе, сондай-ақ қолданбалы өнер шеберханалары мен креативті индустрияларды дамытуға арналған студиялар қарастырылған.
"Орталықтың маңызды бөлігінің бірі – 10 мың экспонатқа арналған «Қазақстан панорамасы: өңірлер музейлері» экспозициясы. Ол заманауи цифрлық форматта еліміздің әр өңірінің тарихи-мәдени мұрасын таныстырып, Бурабай тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа танымдық кеңістікке айналады", - дейді әкімдік.
Осылайша, конгресс-орталық іскерлік, мәдени және көрме бағыттарын бір арнаға тоғыстырмақ.