Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Ашық дереккөз
Полиция оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп, мототехника жалға беру орнының қызметін тексеріп жатыр.
7 шілде күні кешкі уақытта қыз Зеленый Бор мен Бурабай кенттері арасындағы автожолда квадроциклмен келе жатқан. Жолда ол көлікті басқара алмай қалып, квадроцикл аударылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Квадроциклде болған 2007 жылы туған Астана қаласының тұрғыны түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау тұрғысында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті квадроциклдер мен өзге де мототехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығын тексеріп, қорғаныс құралдарын пайдалану және жылдамдықты асырмау қажет. Полицейлердің айтуынша, бұл ережелерді сақтау ауыр зардаптардың алдын алады.
Айта кетейік, Бурабайдағы Көкшетау тауына баруға уақытша шектеу қойылды.