Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 8 шілде - Sputnik. Ақмола облысы Бурабай ауданында квадроцикл мінген қыз жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

7 шілдеде Зеленый Бор және Бурабай ауылдары арасындағы автожолда Астананың 22 жастағы тұрғыны квадроциклді басқарып келе жатып, аударылған.

"Алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Квадроцикл жолаушысы — 2007 жылы туған елорда тұрғыны. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі тексеріліп жатыр. Полиция мототехниканы жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы, сондай-ақ қайғылы жағдайға әкеп соққан басқа да ықтимал себептерді анықтау үстінде.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью