Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл жарысқа 1000-нан астам адам қатысады. Тіркелгендердің қатарында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен бөлек, Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Канада, Ресей, Өзбекстан, Италия, Жапония, Жаңа Зеландия және Перу елдерінің өкілдері бар.
- Мұз айдынында жүгіру белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойларға да, кәсіби спортшыларға да арналған. Қатысушылар 7, 14 және 21 шақырымдық қашықтықтар бойынша бақ сынайды, - делінген Kazakh Turizm таратқан ақпаратта.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара Бурабай курортының көркем табиғатында демалыс күндерін тиімді өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді.
Айта кетейік, Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгерді.